Астанада шертпе күйшіге арналған «Қоңыр» атты күй кеші өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қараша күні елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы концерттік залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, шертпе күйдің шебері Әбікен Хасеновтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Қоңыр» атты күй кеші өтеді, деп хабарлайды elorda.info.