Мыңдаған адам Шығыс Ғутаны тастап шықты
Сирия астанасы төңірегінде көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Ғута ауданында сенбі күні үкімет күштерінің әуе соққысынан кемінде 30 бейбіт тұрғын қаза тапты деп хабарлады құқыққорғаушылар. Олардың айтуынша, қоршаудағы анклавтан "гуманитарлық дәліз" арқылы шықпақшы болған тұрғындар әуе шабуылына тап болған. Сириялық адам құқығының сақталуына қадағалайтын орталықтың дерегінше, осы оқиғаның қарсаңында әскери ұшақтар соққысынан тағы 30-ға жуық адам мерт болған. Соңғы бір айдың ішінде Шығыс Ғутада шайқастар барысында мыңнан аса тұрғын ажал құшқан. Читать дальше...