Нұрлы жер: Сарыағашта 600-ге жуық отбасы баспаналы болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты 13 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған 585 отбасы баспаналы болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.