Бақтияр Артаев Ақтөбеге дарынды боксшыларды іздеп келді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеде бокстан жастар арасында ҚР чемпионаты өтіп жатыр. Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Астана Арланс» клубына мықты боксшыларды шақыру үшін Ақтөбеге арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.