ШҚО-да жемқорлық фактілерін хабарлаушылардың саны артқан
ӨСКЕМЕН. ҚазАқапарат - ШҚО-да жыл басынан бері жемқорлық әрекеттер туралы хабарлаған адамдарға 456,9 мың теңге сыйақы төленген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының облыстық департаменті басшысы Сергей Потанин арнайы брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.