Қазақстанға 7 мемлекеттен тілшілер мен блогерлер келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізге Қазақстанның мәдениетімен танысу үшін шетелдік журналистер тобы келді. Бір апталық тур аясында шетелдік БАҚ өкілдері Астана, Алматы, Маңғыстау және Алматы облыстарында болады. Сапар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.