Путин АҚШ пен оның одақтастарына қарсы санкция қабылдады
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ және өзге Батыс елдерінің санкциясына жауап ретінде мамыр айында Федерация кеңесі қабылдаған қарсы санкцияға қол қойды. Құжат дүйсенбі күні ресми түрде құқықтық ақпараттар порталында жарық көрді. 22 мамырда заң жобасын Ресей Мемлекеттік думасы үшінші оқылымда қабылдаған. Заң жобасын талқылау барысында төменгі палата бастапқы құжатқа айтарлықтай өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, қарсы санкция салынатын нақты салалар, тауарлар мен қызмет көрсету тізімі алынып тасталды. Читать дальше...