Шаруаларды жеңілдікпен несиелеуге 44,7 млрд теңге бағытталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» холдингі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, ауылшаруашылық кооперативтері мен оның мүшелері, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілері, өтінім қарастыруда басымдылық берілетін кооперативтерге несиелеуді жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.