Әділбек Мусин - жүзуден Азиаданың қола жүлдегері
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола медаль иеленді. Ол бұл қашықты 23,73 секундта жүзіп өтті. Алтынды Сингапур спортшысы Рио олимпиадасының чемпионы Джозеф Скулинг (23,61), күмісті Қытай спортшысы Ванг Пенг (23,65) алды. 23 тамызда Қазақстан велоспортшысы Алексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды. Таэквондодан Ерасыл Қайырбек 68 келіде қола медаль иеленсе, академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова үшінші орын алды. Читать дальше...