Омурбек Бабановқа қарсы қылмыстық іс тоқтатылды
Жогорку Кеңештің экс-депутаты, «Республика Ата-Жұрт» партиясының лидері Омурбек Бабановқа қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы (ҰҚМК) Ыдырыс Кадыркулов парламентте мәлімдеді. Үгіт-насихат кезінде Бабановтың Ошта «Әмір-Темір» (Он-Адыр) шағын ауданында сөйлеген сөздері «ұлтараздықты тудырады» деп қылмыстық іс қозғалған. ҰҚМК басшысы халықаралық және жергілікті сарапшылар Бабановтың сөйлеген сөздерінде «ұлтараздықты туғызатын әрекеттер жоқ» деп таныды дейді. Читать дальше...