Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарын құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін алғаш рет ұйымдастырылған «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында қорытынды жиын өтіп, делегаттар пленарлық отырысқа қатысты. Іс-шара барысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасы, партия Төрағасының құттықтау сөзін оқып, Мемлекет басшысының Форум қатысушыларына арнаған ыстық ықыласын жеткізді, деп хабарлайды аталған партияның баспасөз қызметі.