Алматыда әкімдік ұсынған "Көкжайлау" тау курорты жобасына қарсы азаматтар Kоk-Jaılıaý basqosý шарасының бірінші отырысын өткізіп, жобаны тәуелсіз талқыға салды. Барлығы осындай үш кездесу өткізу жоспарланған.
Биыл күзде Алматы қаласы әкімдігі бастапқы жобаны қайта қарап, біраз жерін қысқартқан. Бірақ қоғам өкілдері билік жоспарымен әлі де келіспейді. Олардың айтуынша, қонақүй, кафе, инфрақұрылым нысандарын салу таудың экологиялық жүйесіне үлкен зиян келтірмек. Осы кезге дейін "Көкжайлауды сақтау үшін" петициясына 48 мың адам қол қойған. Читать дальше...