М. Горький минутына төрт мың сөз оқи алған. Сталин күніне 400 бет кітап оқыған және оны минималды норма деп есептеген. Томас Эдисон бірден 2-3 қатардан оқи алған, оның аса бір зейінмен оқи алғаны соншалық, ол тіпті мәтінді беттеп жаттай да ала білген. Ғалымдардың айтуынша, кітапты баяу оқуға қарағанда, жылдам оқу кезінде көз анағұрлым аз шаршайды екен. Адамдардың 95 пайызы кітапты өте баяу оқиды – минутына бар болғаны 180-220 сөз (1 бетті 1,5-2 минутта). Кітапты дәстүрлі түрде оқуда оны түсіну деңгейі 60 пайызды құраса, жылдам оқуда – 80 пайыз.