Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын арттыру жөнінде келісімге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.