ШҚО-да ұсталған төрт белсендіні "жалған ақпарат тарату" ісі бойынша тергеген
Қыркүйектің 14-іне қараған түні Өскемен қаласынан 50 шақырым жерде ұсталды деп хабарланған астаналық төрт белсендіні "жалған ақпарат тарату" ісі бойынша полиция тергеген. Жанат Нұркишев, Орынбасар Жәнібеков, Әбдуәлі Тағай және Іңкәр Тиштыбаева кеше, 14 қыркүйекте кешкі жеті шамасында Өскемен қаласындағы полиция басқармасынан шыққан. Бұл ақпаратты Азаттық тілшісіне өскемендік құқық қорғаушы Индира Кәкімова 15 қыркүйекте хабарлады. "Өкінішке қарай құқық қорғау органдары маған толық ақпарат бермеді. Читать дальше...