Баланың құлағына немесе мұрнына кірген нәрселерді қалай шығарамыз?
Баланың мұрнына бір нәрсе кіріп кетсе, қолыңызбен шығаруға тырыспаңыз. Себебі ішіне қарай енгізіп жіберуіңіз мүмкін. Түйе бұршақ (фасоль), ноқат сияқты су жұтып ісінетін заттар өте қауіпті болғандықтан жедел жәрдем көрсету керек. Тыныс алудың күрт нашарлауы, ұзақ уақытқа созылған түрлі түсті, иісті қою сұйықтықтың мұрын немесе құлақтан ағуы ішіне кірген заттың білгісі болып табылады.