Түркістан облысындағы құрылыс жұмыстары тоқтамайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында құрылыс нысандарындағы жұмыстар жалғаса береді. Жұмысшылар тиісті барлық сақтық шараларын қатаң ұстанып жұмыс істеуде. Бұл туралы Түркістан қаласындағы бірқатар құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып шыққан облыс әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді.