Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 662-ден асты
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 6 сәуір 23.25-тегі мәліметіне сай, елде тағы 33 адамнан коронавирус табылды. Олардың 13-і Қызылорда облысында, бесеуі Шымкент қаласында, бесеуі Түркістан облысы, бесеуі Жамбыл облысында, үшеуі Алматы қаласында, екеуі Нұр-Сұлтанда. Қазақстанда қазір 662 адамға жұқты. Алты науқас қайтыс болды. 46 адам дерттен айықты: Нұр-Сұлтанда - 24 адам, Алматыда - 21 адам, СҚО бір адам.⠀ Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың дерегінше, елде COVID-19 дертіне шалдыққан 16 науқастың халі ауыр. Читать дальше...