Қарағандыда ірі көтерме-сауда орталығын ашу көзделуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып қайтты. Жұмыс сапары барысында Премьер-министр ауыл шаруашылығы өнімін өткізуге арналған «Солтүстік-Оңтүстік» бағдарын байланыстыратын ірі «Global City» көтерме-сауда орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.