Ортағасырлық Иран (Сасанид) империясы Ислам дінін қалай қабылдады
VII ғ. Ислам діні араб түбегінде қалыптасып, енді өсіп келе жатқан шағында, солтүстігінде көрші тұрған Византия мен Сасанид империялары дүркіреп тұрған кезі болатын. Жаңадан қалыптасқан, жас мұсылман елі Мұхаммед (с.а.с.) Пайғамбардың әкелген дінін өзгелерге жеткізу мақсатында өзінен әлдеқайда қуатты елдерге жорық жасаудан тартынбады.