Қазақстанға шетелден келген азамат 2 тәулік бойы оқшауланып, тексеріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасына шетелден келген барлық адам 2 тәулікке дейін COVID-19 бойынша зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.