Назарбаев университетінде білімімді жалғастырмақшымын – Шынар Марс
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Биыл SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тесттерінің балын Ұлттық бірыңғай тестілеу балына ауыстыру шкаласы енгізілгені мәлім. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің екі түлегі Әміржан Армандиев пен Шынар Марсқа 140 балл көрсетілген сертификат табыс етіліп, олар ҰБТ тапсырудан босатылған болатын.