Түркістан халықаралық әуежайының құрылысы биыл аяқталады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандағы әуежайдың құрылысы биылғы жыл соңына дейін аяқталатын болды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысына жұмыс сапары барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорда таратқан мәліметтерге сілтеме жасап.