Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының зертханасы халықаралық сертификатқа ие болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - М.Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына «Зертханаларға арналған биотәуекел менеджменті» ISO 35001 халықаралық сертификаты салтанатты түрде табысталды. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.