Сарыағаш ауданында студенттерге арналған 100 орындық жатақхана ашылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жаңадан студенттер жатақханасы ашылды. Аудандағы «Арыстанбаб» жоғары колледжінде пайдалануға берілген жатақхана заманауи үлгіде салынып, барлық жабдықпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.