Қазақстан және Қырғызстан ТЖ министрліктері ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен Төтенше жағдайларды және зілзалалардың қауіп-қатерін азайту орталығының тоғызыншы кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.