Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуздың жазуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың мамыр айында Сауль Альвареспен жұдырықтасуға шығуы қарастырылып жатқан үш үміткердің бірі. Бұл – DAZN-мен екі жекпе-жек туралы келісім аясындағы айқас болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.