Үкімет латын графикасына негізделген қазақ әліпибінің жаңа нұсқасын ұсынды
Қазақстан үкіметі 28 қаңтарда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізіп, латын алфавитінің жаңа нұсқасын ұсынды. Үкіметтің мәліметінше, жаңа әліпби 40-тан аса нұсқаның ішінен таңдалған. Бұл нұсқада 31 әріп бар. "Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған. Читать дальше...