Президент Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында болған өрт салдарынан балалардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.