Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қабылдаған жаңа қаулыға сәйкес, Қазақстанның ең ірі қаласында 9 наурыз сағат 00.00-ден бастап бұқаралық шаралар, көрме, форум, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, салтанатты және еске алу шараларын (банкет, үйлену тойы, мерейтой, ас) және халық көп шоғырланатын өзге де жиындар өткізуге тыйым салынады. Мерекелік корпоративтік отырыстар ұйымдастыруға да рұқсат жоқ. Құзырлы орган коронавирус инфекциясының пандемиясына байланысты осындай ұйғарымға келген. Читать дальше...