Түркістан облысында коронавирусты анықтаудың аралас түрін енгізу ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирусқа ұқсас ауруларға, атап айтқанда, коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияға ерекше назар аудару қажет. Барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың белсенді өсуі байқалатындықтан, Түркістан облысында ПТР тестілеумен қатар КВИ ауруларын диагностикалаудың аралас түрлерін енгізу ұсынылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.