Қазақ халқының рухани құндылықтарында бала тәрбиесіне ерекше мән берілген - Евгений Выблов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақ халқының рухани құндылықтары бала тәрбиесінде ерекше рөл атқарады. Бұл туралы бүгін ҚХА-ның XXIX сессиясында «Үміт» балалар үйінің (ШҚО) көркемдік жетекшісі Евгений Выблов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.