«Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық жобасы Түркітілдес елдер арасында насихатталады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласына Сүлеймания қолжазбалар кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар басқармасының басшысы Хусейн Кутан, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкілі, доцент Албина Тузлу және аталған агенттіктің Қазақстандағы өкілі Исмаил Гүрлек арнайы іссапармен келді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.