Пентагон: АҚШ-тың қарымта шабуылында "Ислам мемлекетіне" мүше тағы бір адамның көзі жойылған
Ауғанстанның шығысында АҚШ әскери дроны "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының екі адамын атып, көзін жойды. Бұл туралы 28 тамыз күні АҚШ-тың әскери шенеуніктері мәлімдеді. Бұл шабуыл ауған азаматтарын эвакуациялау кезінде Кабул әуежайы түбінде болған жарылысқа жауап ретінде жасалды. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятындағы әскери операция кезінде әуежай сыртындағы жарылысты "жоспарлаушы" және "ұйымдастырушы" екі адам мерт болды деді АҚШ генерал майоры Хэнк Тейлор баспасөз мәслихатында. Читать дальше...