Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқан әскери прокурордың отбасына мемлекеттік награда тапсырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бас прокуратурада Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқан Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қуанышұлы Қапезовті еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.