БҰҰ: Ауғанстанға көмекке миллард доллардан астам қаражат жиналды
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – БҰҰ Бас хатшысы Ауғансатнға қажетті қаржылық көмекті жоғары бағалады. Женевада өткен конференция қорытындысы бойынша донорлар ауғандықтардың қажеттіліктеріне миллиард доллардан астам қаражат бөлуге уәде берді, бұл БҰҰ сұрағаннан екі есе дерлік көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.