Алдағы 4-5 жылда сертификаттау зертханасының үштен бірі жаңғыртылады – Бақыт Сұлтанов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бейінді емес үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен болған кездесуде сертификаттауды жүргізу үшін сынақ базасының дамуы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.