Әзербайжанда төрт аптада коронавирус жұқтырғандардың 40%-ынан «омикрон» табылды
БАКУ. ҚазАқпарат – Коноравирустың «омикрон» штамы әлемнің көптеген елдерінде таралып жатыр. Әзербайжанда осы штамды жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Бұл туралы Әзербайжан денсаулық сақтау министрі Теймур Мусаев Жедел штаб брифингінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.