Украинамен жағдай ушыққан шақта Путин ядролық зымырандар сынағын бақылады
Украинамен жағдай ушыққан сәтте Ресей "жоспарлы" әскери жаттығу аясында дыбыстан да жылдам баллистикалық, қанатты және ядролық оқтұмсықтары бар зымырандарын сынақтан өткізді. Бұл жөнінде 19 ақпанда Кремль мәлімдеді. Ресейлік ақпарат агенттіктері Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песковке сүйеніп, президент Владимир Путин мен белорус басшысы Александр Лукашенконың әскери жаттығуды Кремльден бақылағанын хабарлады. Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери жаттығуға Ресей қарулы күштерінің барлық-дерлік бөлімшелері қатысқан. Читать дальше...