Елордада су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүріп жатыр. Қалада су тасқыны қаупі бар учаскелер саны өткен жылдармен салыстырғанда 25-ке дейін азайды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.