Пара алып сотталған Ақтөбенің бас экологінің жазасы күшейтілді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 400 мың теңге пара алып, өз қателігін мойындаған Нұржан Аққұл алғашында айыппұлмен құтылды. Кейін іс облыстық сотта қаралып, ол үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.