Бақыт Сұлтановтың іссапарға арнайы борт пайдалануының себептері түсіндірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың іссапарлары көп жағдайда эконом-класспен жүргізіледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.