Президент Нью-Йоркте әлем компанияларында жұмыс істеп жатқан қазақстандықтармен кездесті
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.