Оралда "тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деп айыпталған белсенділердің соты басталды
Оралдың қылмыстық істер жөніндегі соты 7 қазанда "тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деп айыпталған азаматтық белсенділер Маруа Ескендірова мен Амангелді Оразбаевтың ісін қарай бастады. Айыпталушыларға бірнеше эпизод бойынша (митингіге қатысу, үнпарақ тарату) айып тағылған. Тергеу мен айыптау орындарының айтуынша, кейінгі екі жылда Ескендірова мен Оразбаевтың "бейбіт жиынға қатысқаны үшін" әкімшілік қамауға алынуы олардың кінәсін дәлелдей түседі. Ескендірова мен Оразбаев бейбіт акцияға қатысқаннан кейін әкімшілік жазаға тартылған. Читать дальше...