Ата-аналар наразылығынан кейін Назарбаев зияткерлік мектептеріне қосымша 200-ге жуық грант бөлінді
Ата-аналар наразылығынан кейін "Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымына қосымша 200-ге жуық грант бөлінді. "Назарбаев зияткерлік мектептері" сайтындағы ақпаратқа қарағанда, 20 қазанда комиссия отырысы өтіп, қосымша 186 грант бөлінген. 131-і – қазақ сыныбына, 49-ы орыс сыныбына берілген. Оның 41-і – Алматы қаласындағы химия-биология бағытында оқытатын мектептің қазақ сыныбына берілген. Бұл жөнінде Азаттыққа белсенді ата-аналардың бірі Дархан Ардақұлы айтып берді. – Біз оқушылардың тізімін сайттан кеше көрдік. Читать дальше...