Қарағандылықтарды баспана, автобус және жол мәселесі ерекше алаңдатады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылықтар облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде ТКШ, жол жөндеу, қоқыс алаңдарының тапшылығы, кезекте тұрғандарға пәтер беру, сирек жүретін қоғамдық көлік сияқты мәселелерді көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.