Минск соты Тихановскаяны сырттай 15 жылға соттады
Минск соты Беларусь оппозициясы жетекшілерінің бірі Светлана Тихановскаяны сырттай 15 жыл бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұған қоса оған 11,7 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде Азаттықтың Беларусь қызметі хабарлады. Беларусь оппозициясы құрған Үйлестіру кеңесіне қатысты сот ісі аясында осы елдің бұрынғы мәдениет министрі Павел Латушко 18 жылға, тағы үш айыпкер – Мария Мороз, Ольга Ковалькова және Сергей Дылевский 12 жылға колонияға кесілді. Тихановкая сияқты олар да шетелде тұрып жатыр. Читать дальше...