Екі қолы жоқ ақтөбелік құс шаруашылығын дамытып отыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Шалқар қаласында тұратын Тайбек Өтегенов екі қолынан айырылса да, ісін енді бастаған ауылдастарына балапан сатып отыр. «Ауыл аманаты» жобасы қолға алынғанда тапсырыс артып, биыл 30 млн теңге табыс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.