Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2023 жылы 1,3 млн адам әлеуметтік төлем алды
АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) шамамен 1,3 млн қазақстандық 750,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер алды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 70%-ға көп. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазды.