Бес жыл ішінде бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асып кетті – Президент
АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет шығыстардың экономикалық пайдасы барынша жоғары болуына баса мән бере отырып, оның нақты басымдықтарын айқындауы керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.